Тип публикации: статья из журнала
Год издания: 2025
Идентификатор DOI: 10.51889/2959-5894.2025.90.2.022
Аннотация: <jats:p>Мақалада болашақ информатика мұғалімдерін білім беру робототехникасын оқытуға дайындауға бағытталған авторлық әдістемелік жүйенің тиімділігін эксперимент арқылы тексерудің нәтижелері ұсынылған. Дайындалған жүйе жобалық оқыту тәсілін, электронды курсты және студенттердің оқу жобаларын орындау мен әдістемелік портфолио жүргізПоказать полностьюу арқылы практикалық дайындығын қамтиды. Экспериментке педагогикалық жоғары оқу орнының студенттері қатысып, олар бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Екі топ та дайындықтан және педагогикалық тәжірибеден өту барысында мектеп оқушыларына робототехниканың негіздерін үйретті.Эксперименттен кейін жүргізілген диагностика студенттердің әдістемелік дайындық деңгейі мен оқушылардың робототехниканы меңгеру деңгейін бағалауды қамтыды. Талдау үшін деңгейлік көрсеткіштер, орташа баллдар және Пирсонның χ² критерийі қолданылды. Нәтижелер эксперименттік топтың жоғары деңгейге жеткенін, ал олардың оқушылары қорытынды жобаларда жақсы нәтижелер көрсеткенін дәлелдеді. Алынған мәліметтер ұсынылған жүйенің тиімділігін растайды және оны цифрлық және инженерлік бағыттағы педагогтерді даярлау білім бағдарламаларына енгізуге ұсынуға мүмкіндік береді.</jats:p>
Журнал: ulletin Abai KazNPU. Series of Physics & Mathematical Sciences
Издатель: Казахский национальный педагогический университет им. Абая